Туған анасын мысығына бола өлтіріп тастады
Оқиға Ресейдің қалаларының бірінде болған.
09:10 30.05.2018
Туыстар арасында жанжал бірнеше ай бұрын пайда болған көрінеді. 48 жасар ұлы қарт анасынан өзін жақтырмайтын әрі лас мысықты пәтерден шығарып тастауын өтінген.
81 жастағы зейнеткер үзілді-кесілді қарсы болған. Ұлы бірнеше рет жануарды лақтырып жібергенімен, анасы әр жолы оны пәтерге қайтарып отырған.
Бір кеште туыстар арасында дәл сол тақырыпта дау туындайды. Мас күйде өзіне ие бола алмаған ұлы зейнеткер анасын соққыға жыққан. Өзінің іс-әрекетін түсінген ер азамат дереу жедел жәрдем шақырады.
Бірнеше апта бойы дәрігерлер ауыр жағдайдағы әйелдің өмірін құтқаруға тырысты, бірақ зейнеткер көптеген жарақаттардың салдарынан қайтыс болды.
Күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жіберілді. Ал мысықтың тағдыры туралы ештеңе белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!