Мас жолаушы автобус жүргізушісін ұрып жіберді
ШҚО-дағы ішімдікке тойып алған 44 жастағы ер адам Герасимовка ауылында Ново-Явленкаға дейін жету үшін автобусқа отырады, қоғамдық көлікке отырған ол жолда ұйықтап қалған екен.
10:35 30.05.2018
Шығуға тиісті аялдамасынан өтіп кеткені үшін жолаушы шу шығарып, жүргізушіні балағаттап, ұрып жіберген.
Оның ойынша – жүргізуші ұйықтап қалған жолаушыны ояту керек екен.Сол себепті жүргізушіден қайта өз аялдамасына жеткізуді талап еткен. Жолаушының іс-әрекетіне шыдап отыра алмаған жүргізуші мас адамның көліктен түсуін сұраған. Бұл сөзі үшін жолаушы оның бетінен ұрып , қашып кеткен.
Зардап шеккен ер адам полицияға арызданып, ісі Өскеменнің №2 сотында қаралды. Алайда, екі тараптың бейбіт келісіміне байланысты қылмыстық іс жабылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!