{metadescription}
Ер адам қалыңдығы мен өзіне бірнеше жерден пышақ салды

Ер адам қалыңдығы мен өзіне бірнеше жерден пышақ салды

Бішкекте жас жігіт үйлену мақсатында алып қашқан қалыңдығын өлтірді деген күдікке ілінді.  

Оқиға қырғыздың Кара-Балта қаласында болған. Тәртіп сақшыларына қызды некеге тұру мақсатында ұрлап әкеткені жайлы хабарлама түскен, құқық қорғаушылар жедел Subaru Outback автокөлігін ұстауға кіріскен. Көлік табылып, тоқтатылды. Рөлде 29 жастағы жігіт, сондай-ақ екі жолаушы – 30 жастағы ер адам мен 20-жастағы қыз отырған. Үшеуі де полиция бөлімшесіне жеткізілді.    

Полицей учаскесінде кезекші құжаттарды рәсімдеуді бастайды. Қыз азаматтарды қабылдау бөлмесінде қалған. Біраз уақыттан кейін оған көлік жүргізушісі кіріп, есікті ішінен іліп алған, бөлмеден айқай-шу естіледі.

Есікті бұзып кірген тәртіп сақшылары, қанға малынған қызды тауып алған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қызға және өзіне пышақ салған.  

Екеуі де ауруханаға жеткізіліп, қыз есін жимастан жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Ер адамға ота жасалды.  

"Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қызметтік тексеріс басталды.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.