{metadescription}
ОҚО-да түлектер жалғызбасты анаға үй сыйлады

ОҚО-да түлектер жалғызбасты анаға үй сыйлады

ОҚО-да биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған Түлкібастық  түлектер 4 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған анаға ауылдарынан үй алып берді.

Осылайша қасиетті Рамазан айында олар бір шаңыраққа қуаныш сыйлады. 

Төрт баланың анасы Алмагүл Тәжиева  баспанаға  мұқтаж болған. Екінші топ мүгедегінің мемлекеттен алатын жәрдемақысы үй алмақ түгілі күнделікті нанына да жетпеген. Жастайынан әкеден жетім қалған ол орта жолда жолдасымен де айырылысып, тұрмыс тауқыметін бастан өткеріпті.

Жылдар бойы әркімнің баспанасын жалдап күн кешкен отбасына үй сатып алып берген  азаматтар үйге қажетті жиһаз, тұрмыстық бұйымдар сияқты қажеттіліктерді де ұмытпаған. 

Түлектердің қайырымды ісі бүгінде әлеуметтік желілерде тарап кетті. Түлкібастық түлектердің бұл игі ісі көпке өнеге. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде