{metadescription}
Менингит жұқтырған астаналық бала Алматыда болған

Менингит жұқтырған астаналық бала Алматыда болған

Менингококкты инфекция жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған 3 жастағы баланың жағдайы белгілі болды. 

Медициналық бөлім бойынша бас дәрігердің орынбасары науқастың жағдайы тұрақты деп отыр. Сондай-ақ бала диагностиканың клиникалық протоколына сай ем алып жатқанын, түскен кезде арқа-ми сұйықтығына бактериологиялық тексеру жүргізілгенін және де баланың менингококкты инфекцияға шалдыққан адаммен қарым-қатынаста болмағаны анықталды.

Бас дәрігердің орынбасарының айтуынша, бұл менингитке байланысты 2018 жылы болған Астанадағы алғашқы жағдай.

Айта кетсек, баланың жағдайы ауыр екенін бұған дейін хабарланғанбыз. Алдын ала диагнозға сәйкес, ол менингиттің генерализдік түрі мен өткір менингококцемияға шалдыққан. Сондай-ақ 18 сәуірден 23 мамырға дейін бүлдіршін Алматы қаласында болғаны анықталды, аурудың бірінші белгісі 27 мамырда пайда болған.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.