{metadescription}
Тәжік Президентінен демалыс сұрады

Тәжік Президентінен демалыс сұрады

Тәжікстандағы мектеп оқушыларының ата - аналары Президенттен демалыстарды қайтаруды сұрады.

Тәжікстандық ата - аналар көктемгі және күзгі демалыстарды қайтару туралы Президент Озода Рахмонның аппаратына петиция жолдады.

Құжат президент аппаратына 28 мамыр түскен. Барлығы петицияға 600 ден астам адам қол қойды. 

Өтініш жазу туралы пікірталас Facebook әлеуметтік желісіндегі Tajik Mama парақшасында мамыр айының аяғында басталған.

Парақша оқырмандары тәжік оқушыларына оқудың қиын екенін жазған, себебі  сегіз жылдан бері Тәжікстан мектептерінде оқу жылы маусым айының басында аяқталады,  ал күзгі және көктемгі кезендегі демалыс балаларда мүлдем жоқ екен, есесіне қыста олар бір ай бойы демалады.

Ата-аналардың айтуы бойынша, балалардың алты ай бойы демалыссыз оқуы олар үшін өте қиын.

Жалпы наразылыққа қарамастан, елдің білім және ғылым министрі Нұриддин Саид тәжік оқушыларының күзгі-көктем мерекелерін қайтармайтынын айтты.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.