{metadescription}
Өрт қауіпсіздігін бұзған павлодарлықтарға жеті миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Өрт қауіпсіздігін бұзған павлодарлықтарға жеті миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Павлодар облысында биылғы жылы өрт қауіпсіздігін бұзған 325 жеке және заңды тұлғаға жеті миллион теңгеден астам айыппұл салынды,

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Самат Асаинов мәлім етті.

«Бес айдың ішінде 460 нысан тексеріліп, 2336 өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы тіркелді. 580 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Оның 325-іне айыппұл салынды. Жыл басынан бері тілсіз жаудан 25 адам зардап шегіп, 14-і қаза болды. Сол 14 адамның сегізінің қанынан алкоголь табылды. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін алдын ала ескерту керек. Сондықтан қызметкерлермен халық арасында 697 дәріс оқылды. 288 рет ауылдық жерлерге шықтық. 136 мың адамды қамтып, 57 мың ауланы араладық.», - деді Самат Асаинов.

Оның сөзінше, Ресейдің Кемерово облысындағы оқиғадан кейін өңірде 81 сауда, ойын-сауық мекемелеріне тексеру жүргізілген.

«Олардың барлығында өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылғаны анықталды. Кейбірінде қарапайым заңбұзушылықтар бар. Олардың барлығын екі айдың ішінде қалыпқа келтіру тапсырылды. Жалпы, 1289 ереже бұзушылық анықталып, 78 заңды тұлғаға 1 милион теңгеден астам айыппұл салынды», - деді Самат Асаинов. Ағымдағы жылы облыстық ТЖД бөлімдеріне 1406 шақыру келіп түскен. 135 адам апаттан құтқарылып, 400 адам эвакуацияланды.

Фото: ӨКҚ
 

ДЕРЕККӨЗ: PAVLODARNEWS.KZ

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде