Тағы бір облыста менингит ауруы тіркелді
Жаңақорған ауданында менингокок инфекциясының алғашқы жағдайы тіркелді.
11:00 01.06.2018
Менингококка шалдыққан 1991 жылы азамат аудандық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда науқастың денсаулығы бірқалыпты, дәрігерлердің бақылауына алынған.
Осы жағдайға байланысты Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанынан арнайы штаб құрылып, мамандар эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастыруда.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысының айтуынша науқаспен тығыз қарым - қатынаста болған 11 азамат анықталған. Қазір бұл кісілер дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды. Сондай-ақ тұрғындарды сақтық шараларына мән беруге шақырды.
Алдағы уақытта вакцинация жұмыстары атқарылатын болады
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!