ВИДЕО: Мешіттен садақа қорабы ұрланды
Алматы облысындағы Қырбалтабай ауылының мешітінен садақа қорабы ұрланғандығы туралы бейнежазба желіде тарап кетті.
13:00 01.06.2018
Бейнежазбада мешітке келушілердің бірі қабырғада орнатылған ұрланған қораптың орнын көрсеткен, әрі автордың бұл қылмыстың барша мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында жасалғанына наразылығын көруге болады.
Қылмыстық істі Алматы облысы ІІД растады. Қорапты ұрлап кеткендерді полиция іздестіріп жатыр.
"Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды. Тиісті арыз қабылданған. Қазір қылмыстық іздеу бойынша жедел қызметкерлер осы ұрлыққа қатысы бар адамдарды анықтап, ұстау мақсатында шаралар атқарып жатыр. Қоғам назарына іліккен деректі облыстық департамент ерекше бақылауына алды", — деп атап өтті Алматы облысы ІІД ДВД Көбейхан Нұрахмет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!