Ғаламтор арқылы танысқан жігіті 18 жерден пышақтап кеткен
Ғаламтордағы танысу сайтарының бірі арқылы танысқан жігіті Казань тұрғының 18 жерден пышақтаған.
19:40 01.06.2018
Қазан қаласындағы Толбухин көшесіндегі үйде 18 жерден жарақаты бар 28 жастағы әйел адамның денесі табылды.
Әйелдің денесін өзімен бірге пәтер жалдап тұрып жатқан адам кешкісін үйге келгенде көрген.
Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде Ижевск қаласының 21-жастағы тұрғыны ұсталды.
Мәліметтері бойынша, қайтыс болған әйел қылмыскермен танысу сайты арқылы сөйлескен. Кейін ол жас жігітті үйіне шақырады, жігіт қылмыстық ісін жүзеге асырып, үйдегі ақша, зергерлік бұйымдар, телефон және басқа да құнды заттарды ұрлап кеткен.
Іс бойынша тергеу жалғасуда, қажетті шаралар мен тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!