{metadescription}
ФОТО: Алматыда екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті

ФОТО: Алматыда екі көлік соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Жол апатына ұшыраған екі көліктің күл-талқаны шығып, іштегі адамдар зардап шеккен.

Алматыда Жансүгіров және Жұмабаев көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысты, деп хабарлайды құқық қорғау органдары агенттігіне.

Куәгерлердің айтуынша, Renault Logan Жансүгіров бойымен оңтүстік бағытта кетіп бара жатып, жүргізуші Жұмабаев көшесіне солға бұрылмақ болады. Сол кезде Жансүгіров бойымен солтүстік бағытта Nissan Premiera келе жатқан.

Renault Logan Nissan көлігін өткізіп жібермей, бүйірінен қағады. Қатты соққыдан Nissan бағдаршамға қарай ұшып кеткен.

Жол апатынан төрт адам зардап шекті, олар ауруханаға жатқызылды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауы тиіс.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде