{metadescription}
Денсаулық сақтау министрлігі менингит бойынша мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігі менингит бойынша мәлімдеме жасады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі менингит  бойынша мәлімдеме  жариялады.

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі  азаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәнді мәліметтерге сенбеуге шақырады», -деп атап өтілген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің  Facebook парақшасындағы видеомәлімдемеде.

Сондай-ақ, Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин WhatsApp-та жарияланған  хабарламаға түсініктеме берген.

«WhatsApp пайдаланушылар арасында бір әйелдің үрейлі дауыспен  мектепке дейінгі мекемелерге баратын балаларға менингитке қарсы антибиотикпен емдеуді өткізге шақырған. Бірақ ол өз есімін, сондай-ақ қандай ұйымның атынан мәлімдеме жасағанын айтпайды. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растамайды және сіздерді әлеуметтік желілердегішындыққа жанаспайтын мәліметтерге сенбеуге, тек Денсаулық сақтау министрігінің ресми ақпаратын пайдалануға  шақырады»,-деді Ж.Бекшин.

Сонымен қатар ол Қазақстанда жыл сайын менингитке байланысты 62-ден 424 оқиға, кей жылдары 21 оқиға тіркелетіндігін атап өтті. Бұл дерттің алдын алу жолдарын тағы бір еске салды.

Қазақстанда ресми деректер бойынша,менингиттен 9 адамның көз жұмғаны тіркелген. Соңғы оқиға Алматыда 2 маусымға қараған түні болды. Менингококк жұқпасынан 5 жасар бүлдіршін қайтыс болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде