ВИДЕО: Оралда бағанға соғылған көлік екіге бөлініп кетті
Бүгін Орал қаласында автокөлік бағанға соғылып, жүргізуші қаза тапты, екі адам ауруханаға түсті.
18:15 03.06.2018
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға таңертең сағат 05.00 шамасында Жәңгір хан көшесі бойында «Жазира» дүкені ауданында, «Нэфтек» жанар-жағар май құю стансасы маңында болған.
Жол апаты салдарынан «Лада Приора» маркалы көлік екіге бөлініп кеткен. Жедел жәрдем 05.05-те шақыртылған. 20-25 жас шамасындағы ер адам жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмған.
Орал қалалық көпбейінді ауруханасына екі адам жеткізілді. Жарақат алған 1998 жылғы жігіттің жағдайы орташа ауыр. 1991 жылғы ер адам жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған, денесі көгерген. Оның да жағдайы орташа ауыр.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.
Видео авторы: Мария Melnikova
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!