{metadescription}
ВИДЕО: Шекараны кесіп өткен буаз сиыр өлім жазасына кесілмек

ВИДЕО: Шекараны кесіп өткен буаз сиыр өлім жазасына кесілмек

Буаз сиырды ЕО шекарасын заңсыз кесіп өткендіктен өлім жазасы күтіп тұр.

Жайылымнан алыстап кеткен сиыр, осылайша босқын болып шыға келді. 

Еуроодақтың ережесі бойынша, жануарлар кеденде міндетті түрде берілетін  денсаулық сертификатынсыз шекараны кесіп өтпеуі тиіс. Бірақ, шамасы, сиыр осы ақылды ережені елемеген сиқты.
 
Байқұс жануар Болгарияның  Копыловцы ауылындағы туған фермасын тастап кішігірім "саяхат жасауды" шешкен. Оның қожайыны  Иван Харлампиев сиырының жоғалғанын аңғарғанда, тым кеш болған.
 
Шын мәнінде, сиырдың қалай  Сербияға жеткенін ешкім түсіндіре алар емес. Мәселе тіпті шекарға дейінгі  20 шақырымды құрайтын  қашықтықта емес, мәселе оның кеденшілер мүлде байқамаған қомақты өлшемінде.  
 
 Сиырдың иесі Сербиядан буаз сиырды тапқан фермер хабарласпағанша, ол өз сиырын екі апта бойы іздейді. Сиыр қожайынына қайтарылғанымен, ол қуанышы ұзаққа созылмады. Себебі ЕО ережесі барлығына ортақ.
 
Әбден есі шыққан фермер  3 айдан кейін тууы тиіс буаз сиыры мен өз құқығын қорғау үшін жергілікті ТВ-ның көмегіне жүгінді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде