ВИДЕО: Полиция қызметкері жанжал шығарған адамды атып тастады
Берлиннің қақ ортасында полиция қызметкері жанжал шығарған адамды атып тастады.
01:00 05.06.2018
Берлин қаласының шығыс бөлігінде орналасқан Кафедралды соборда оқыс оқиға болды.
Демалыс күні кешкісін полицияға белгісіз ер адам храмның ішінде жанжал шығарып, суық қару кезеніп жүр деген қоңырау түсті. Жедел жеткен полициялықтарға да ер адам қарсылық көрсетіп, шу шығарған.
Сол кезде полициялықтардың біреуі тапаншасын суырып алып, төбелесқойдың аяғынан атып салды. Сондай-ақ тағы бір полицейлікке оқ тиген. Бірақ атылған оқ әріптесінен бе, әзірге ол белгісіз. Оқиға жіті зерттеліп жатыр.
Қаланың полиция басқармасының хабарлауынша, аталмыш жәттің террорлық әрекетке қатысы жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!