{metadescription}
ВИДЕО: Құрт-қоңыз жеген суретші ағаштың ішінде бір апта қамалып отырмақшы

ВИДЕО: Құрт-қоңыз жеген суретші ағаштың ішінде бір апта қамалып отырмақшы

Француз суретшісі бір апта бойы ағаш арыстанның ішінде қамалып отырмақшы.

Француздық суретші Абрахам Пуаншеваль қазіргі өнер мен тарихтан бұрынғы заманғы тылсым дүниенің арасында байланыс орнатуға бел буды. Осы мақсатына жету үшін ол бір апта бойы ағаштан жасалған арыстан-адам мүсінінің ішіне тоғытылмақ.

 

Пуаншевель кіретін қапшық  - мамонттың азу тісінен жасалған скульптура. Ол жоғары палеолит дәуіріне жатады. Оны неміс археологтары Швабия үңгірінен 1939-шы жылы тауып алған. Ол тас саймандары арқылы 32 мың жыл бұрын жасалыпты. 

Арыстан-адам  - ғылымға белгілі ең ежелгі мүсіндердің бірі. Аңыз мүсін қазіргі кездегі адамдардың өмірге деген көзқарасын білтіретін секілді.

Ал Абрахамның бұл шарасы бірінші рет емес. Ол бұдан бұрын, былтыр үш апта бойы 12 тонналық тастың ішінде қамалып отырды. Ал үш жыл бұрын аю мүсінінің ішінде 13 күн өткізді.  Және аюдың жейтін азығы - құрттар мен қоңыздармен қоректенді. 

Арыстан-адам мүсінінің ішінде суретші 2-ші маусымнан 8-ші маусымға дейін қамалып отырмақ. Ал азығы - кептірілген ет, жидектер мен жаңғақтар.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.