{metadescription}
Тамақ дайындамағаны үшін анасын өлтірді

Тамақ дайындамағаны үшін анасын өлтірді

Үндістанда араққа сылқия тойған ер адам анасын түскі асқа карри тауығын дайындамағаны үшін өлтірген.

Оқиға 3 маусым, жексенбі күні елдің оңтүстік-шығысындағы Андхра-Прадеш штатындағы Бадапуран кентінде орын алды. 45 жастағы ауыл дәрігері Бежам Кишоре (Bejjam Kishore) таңертең 80 жастағы анасына тауық әкеліп оны түскі асқа карримен пысыруын сұраған , ал өзі сусын алу үшін дүкенге кеткен көрінеді.

Кейін дүкеннен мас күйде оралған ол қалаған тамағының  дайын болмағанын біліп, шу шығарып, анасына пышақ салған. Әйел алған жарақаттан оқиға орнында қайтыс болады.

Кишор қылмыс орнынан қашып кеткен, бірақ  дауыстарды естіген көршілері полиция шақырған. Үндістандыққа  қатысты қылмыстық іс қозғалып,оған  іздеу жарияланды.

Мәліметтер бойынша, ер адам алкогольге тәуелді болған және күнделікті ішуді әдетке айналдырған. Соның кесірінен оны әйелі мен балалары тастап кеткен.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде