85 жастағы кейуана маскүнем ұлын өлтіріп тынды
ОҚО-ның Сайрам ауданы Ақсукент елді-мекенінде 85 жастағы кейуана 55 жастағы маскүнем ұлын өлтірген.
18:25 05.06.2018
Аталмыш іс қазір мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралуда. Ежәуір жасқа келіп қалған кемпірге маскүнем ұлын өлтірді деген айып тағылып отыр.
Қарт әжейдің ұлы маскүнем болыпты және ішкен сайын кәрі шешесіне қол көтеріп келген. Сол қайғылы оқиға болатын күні де ұлы араққа сылқия тойып алып, қарт анасын сабаған. Әбден күйіп кеткен анасы ұлына пышақ тығып алыпты. Дегенмен бұның ақ-қарасы сотта анықталады.
Сотқа дейін кемпір үй қамақта болды, өйткені оның егде жасы ескерілді. Ал көршілері кейуананы жақсы кісі екенін айтуда. Тіпті олар қарияның әрекетіне түсіністікпен қарап, петиция жинады.
ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында болған қайғылы оқиға жұрттың жағасын ұстатқаны анық. Сол күні ұлын өлтірген кемпір полицияны өзі шақырып, ұлын пышақтап тастағанын мойындаған. Ол өзін қорғамақ болып пышақтағанын айтып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!