{metadescription}
IBF Головкинді әлем чемпионы белдігінен айырды

IBF Головкинді әлем чемпионы белдігінен айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннді (38-0-1, 34 КО) әлем чемпионы атағынан айырды

22 мамырда Спрингфилдте (АҚШ, Нью-Джерси штаты) өткен тыңдалымға Головкин және IBF бекіткен оның міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) сонымен қатар екі спортшының командасы қатысты.

IBF комиссиясы екі тарапты да тыңдап шықты. 3 тамызға шейін Деревянченкомен кездесуден бас тарткан Геннадийді IBF белдігінен айыру жөнінде шешім қабылдады. Головкин екінші мәрте мексикалық Саул Альвареспен (49-1-2, 34 КО) айқасуы керек болған.
Қаржы келіспеушілігіне байланысты тығырыққа тірелді. Сонымен қатар қазақстандық WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) кездесу жөнінде жоспар болды.

Алайда ол 23 маусымда титулын қорғау үшін Мартин Мюррейге қарсы шығудан бас тартты.

ДЕРЕККӨЗ: Sports.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде