Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі екінші жеңісіне жетті
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.
12:44 07.06.2018
6 маусым күні Лондон қаласындағы Йорк-холл орталығында өткен бокс кешінде өнер көрсеткен отандасымыз мансабындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Данияр Елеусіновтың қарсыласы Венгрия елінің өкілі Золтан Шабо (23-11, 14 КО) болды. 24-жастағы Шабо кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуін 2016 жылы қараша айында өткізген. 34 жекпе-жек өткізген Шабо оның 23-інде жеңіске жетсе, 11 кездесуінде ұтылған.
Алты раундқа жоспарлаған жекпе-жек толықтай өтті. Жеңімпазды кездесу аяқтағаннан соң төрешілер анықтады. Данияр Елеусінов 65:64 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Елеусінов Джейкобс-Сулецки жекпе-жегінің андеркартында сынға түсіп, 6 раундқа жоспарланған жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Отандасымыз америкалық жеңіліп көрмеген Ноа Кидтен бір бас жоғары екенін көрсетіп, 3 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!