Семейлік полицейлер бір келіден асатын кептірілген марихуана тәркіледі
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Семей қаласының көшесіндегі үйлердің бірінен бұрын сотталған 47 жастағы қала тұрғыны есірткімен ұсталды.
16:25 07.06.2018
Ал тұрғылықты мекенжайын тінту барысында жасыл түсті, өсімдік тектес зат табылып, тәркіленіп алынды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 1 кг 277 граммнан асатын кептірілген марихуана екені анықталды.
Қазір аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда.
ДЕРЕККӨЗ: Алтайньюс
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!