{metadescription}
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанайда 7 жасар баланы көлік қағып өлтірді
Қостанайда 2011 жылы туған мектеп оқушысы көлік астына түсіп, мерт болды. Ақпаратты облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь растады. Оқиға Қостанай-2 шағын ауданындағы Солнечная көшесінің бойында болған. «ВАЗ-2107» маркалы автокөлігін мінген 34 жастағы ер адам жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 7 жасар оқушыны қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізілуде. ДЕРЕККӨЗ: ҚазАқпарат
21:30 07.06.2018
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!