{metadescription}
ФОТО: КТК жаңалықтарының жүргізушісі бильярдтан оқ бойы озық шықты

ФОТО: КТК жаңалықтарының жүргізушісі бильярдтан оқ бойы озық шықты

Алматыда бильярдтан журналистер мен блогерлер арасында өткізілген турнирде КТК арнасы жаңалықтарының жүргізушісі Ерланби Дәулетияр бірінші орын алды. 

Бильярд турнирінің кубогын жеңіп алуға 28 белгілі қазақстандық блогерлер мен журналистер ат салысты.

Бұл жолы журналистер шығармашылық жолындағы емес, тастаяқ ойынындағы шеберліктерін сынады. 

Түс кезінде басталып, жеті жарым сағатқа созылған сайыста КТК арнасы жаңалықтарының жүргізушісі Ерланби Дәулетияр тастаяқ ойынының шебері атанып, бас жүлдені жеңіп алды.

 

"Бильярд мен үшін - ермек. Бұдан бұрын да біртқатар турнирлерге қатысып жүрдім және ұйымдастыруға да ат салыстым. Негізі, бильярд әлемдік деңгейде спорт қатарынан табылып жатыр ғой. Ойды да, денені де шынықтырады. Жасөспірім кезімнен бастап осы ойынға құштармын", - дейді Ерланби.

Сонымен, журналистер мен блогерлер арасында бильярдтан өткізілген турнирде көзге түскендер:

1 орын - Ерланби Даулетияр (КТК телеарнасы)
2 орын - Үмбетали Меймеш ("Алматы" арнасы).
3 орын - Сұңқар Қарабалин («Tengrinews.kz»).
4 орын - Айдос Сарым (Қоғам қайраткері, журналист, блогер).


ФОТО авторы: Қазақстан баспасөз клубы
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде