{metadescription}
Қанат Ислам жарақаты салдарынан жекпе-жекке шықпайтын болды

Қанат Ислам жарақаты салдарынан жекпе-жекке шықпайтын болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кезекті айқасына дайындық кезінде аяғынан жарақат алып қалды.

 «АҚШ-ғы оқу-жаттығу жиындары кезінде аяғымнан жарақат алып қалдым. Негізі, кезекті кездесуім 23 маусым күні өтуі тиіс еді. Қарсыласым да белгілі болған. Өкінішке қарай бұл жекпе-жекті жанкүйерлерім көре алмайтын болды. Енді, толық жарақатымнан айығып алғаннан кейін рингке қайта ораламын. Бұйырса, екі ай көлемінде сауығып кетермін. Жанашыр жанкүйерлерім менің жекпе-жегімді асыға күтіп жүргенін жақсы білемін», - деді Қанат Ислам.

Естеріңізге сала кетейік, 23 маусым күні Қанат Ислам 27 жастағы мексикалық Фернандо Каркамомен (23-8, 18 КО) шаршы алаңға шығуы тиіс болатын.

Жекпе-жек Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Belasco Theatre ойын-сауық кешенінде өтеді және ол он раундқа созылады деп жоспарланған. Енді Қанат Исламның жарақат алуына байланысты бұл жекпе-жек өтпейтін болды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде