{metadescription}
ВИДЕО: Еркежанға Азия чемпионатының алтын медалін беруге өтініш жазылады

ВИДЕО: Еркежанға Азия чемпионатының алтын медалін беруге өтініш жазылады

Қазақстан бокс федерациясы Азия бокс федерациясынан Еркежанға Азия чемпионатының алтын медалін беруді және Аргентинада өтетін жасөспірімдер Олимпиадасына қатыстыруды сұрап, өтініш жазады.

Бұдан бұрын Халықаралық бокс ассоциациясы спортшыдан ДНҚ тест тапсыруын талап еткен болатын.  

Естеріңізге салсақ, Азия чемпионатының финалында қазақстандық Еркежан Дәулетжанқызын жеңген вьетнамдық боксшы қыз жігіт болып шықты. Вьетнам боксшысының аты-жөні Do Hong NGoc.

Таиландтағы турнир сәуірде өткен. ШҚО-дан барған қыз финалда вьетнамдыққа жол берген. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін оның жігіт екені анықталды. 

"Жұдырықтасу әдісі мен дауысы жігітке ұқсаған", - дейді қазақстандық спортшының жаттықтырушысы Арман Тыныбаев.

Оның айтуынша, жарыс аяқталғаннан кейін Халықаралық бокс ассоциациясы спортшыдан ДНҚ тест тапсыруын талап еткен. Осылайша шындықтың беті ашылған. Екі аптадан кейін ол шеттетілген. 

Видео авторы: Видосы Казахстан

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде