ФОТО: Назарбаев ШЫҰ саммитінде ұлттық валютамен сауда жасауды ұсынды
ШЫҰ-ға мүше елдер өзара сауда жасауды ұлттық валюталарда жүзеге асыру керек, себебі бұл мемлекеттер арасындағы экономикалық қауіпсіздіктің деңгейін көтереді деп мәлімдеді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
14:27 10.06.2018
«Қазір әлем валюталарының қоржынын әртараптандыру, валютаның тәуелділігі мен крипто-валютаның пайда болу қаупін азайту туралы көп айтады. Осыған байланысты біз ШЫҰ елдерінің барлық елдерінің ұлттық валюталарында сауда жасауды мемлекеттер арасындағы экономиканың қауіпсіздік аспектілерінің бірі ретінде қарастыруға тиіспіз », - деді Н.Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 18-ші отырысында.
Назарбаевтың сөзінше, қауымдастыққа мүше елдердің орталық банктері тиісті жол карталарын әзірлеуді бастауы тиіс.
«Біздің елдер арасындағы сауда-инвестициялық жобаларды екіжақты деңгейден көпжақты деңгейге көтеру маңызды. Біз жобаларды қаржыландыруға және ұйымның шеңберінде технологиялық ресурстарды жұмылдыруға бағытталған бірлескен тетіктер құруды қолдаймыз», - деді президент.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!