{metadescription}
Жеті жасар баланы Есілдің қатты ағысы алып кетті

Жеті жасар баланы Есілдің қатты ағысы алып кетті

Жеті жасар баланы Есілдің қатты ағысы алып кетті.

Солтүстік Қазақстан облысында биік жардан өзенге суға құлап кеткен Данил Захаревич іздестірілуде. 

Оқыс оқиға 9 маусымда Қызылжар ауданы Новоникольск ауылында орын алған.

Данил Захаревич пен тағы бір бала Есіл өзеніне балық аулауға барады. Көпір маңында Данил биік жардан өзенге құлап, қатты ағыс Петропавл қаласына қарай бағытқа алып кетеді.

Облыстық ТЖ департаменті баспасөз хатшысы Евгений Журавлевтің айтуынша, баланың денесі әлі іздестіріліп жатыр.

Оқиға орнында құтқарушылар мен сүңгуірлер жұмыс істеуде. Өзеннің аңғары тексеріліп жатыр, — дейді Журавлев.

Полициямен бірге іздеу шараларына жергілікті халық та кірісіпті. Еріктілер де жағалау маңын шоуда.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде