Жүкті әйелді телефон арқылы «босандырды»
Астанада жүкті әйелді телефон арқылы «босандырды».
08:00 12.06.2018
Елордалық жедел жәрдем орталығының диспетчері ұзақ күттірмей, екіқабат әйелдің аман-есен босануына көмектесті.
«Стансаға телефон соққан әйелге колл-орталықтың диспетчері ауызша ақыл-кеңес беріп отырды. Сөйтіп екіқабат әйел жедел жәрдем бригадасы келгенше өздігімен босанды», - деп хабарлады Астана жедел жәрдем стансасы.
Аман-есен дүниеге келген нәрестенің салмағы - 3800 келі, ал бойы - 51 см. Ал әке-шешесі сәбиге Ренат деген ат берді.
«Жүктілік кезеңі ойдағыдай өтіп, жеңіл босанды. Жедел жәрдем бригадасы келісімен анасы мен баласына алғашқы медициналық көмекті көрсетіліп, перзентханаға жеткізілді», - делінген таратылған хабарламада.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!