Танысын өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген
Оңтүстік Қазақстан облысында 5,8 млн теңге үшін танысын өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген тұрғын сотталды.
10:00 12.06.2018
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ауыр қылмыс жасаған айыпталушыны 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.
Сот талқылауында анықталғандай, айыпталушы өзінің бұрын сотталған сыбайласымен алдын ала сөз байласқан. Сөйтіп, жүк көлігін сатып алмақшы болған танысын алдап, Қарабұлақ ауылының маңына шақырып алады. Өзінің жеңіл автокөлігімен қала сыртына келген жәбірленушіні мойнынан қылқындырып өлтіріп, мәйітті автокөлікпен бірге өртеп жіберген. Одан 5 млн 800 мың теңгесін қарақшылық жасау арқылы иемденіп алған. Кейіннен тергеу шаралары барысында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен айыпталушы С ұсталды.
Ал оның сыбайласы әлі күнге іздеуде жүр. Сот барысында айыпталушы С. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 7,8-тармақтарымен («Адам өлтiру») , 192-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен («Қарақшылық») және 202-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен («Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру») кінәлі деп танылып, оған төтенше қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеу белгіленді.
Дереккөз: Қазақпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!