Қазақстандық белгілі актриса есірткімен ұсталды
Қазақстандық белгілі актриса Әсемгүл Ибраева есірткімен ұсталды.
14:00 12.06.2018
Астана – Алматы бағытында ұшпақ болған Әсемгүл Ибраева әуежайдағы рентгендік телевизиялық құрылғы арқылы тексеру барысында есірткімен ұсталды. Әсемгүлдің сөмкесінен 4,247 грамм салмақ тартатын қақпағы фольгамен оралған әйнек құты табылды.
Актриса кінәсін толық мойындады. Сотта Әсемгүл құтыдағы есірткі затты Астанадағы Орталық саябақтан өзіне пайдалану үшін алғанын айтқан. Бірақ ұшақ бортына келген кезде ғана сөмкесінде есірткі болғаны есіне түсіпті. Сотта кінәсінің өтемі ретінде қоғамдық жұмыстарымен айналысуға дайын екенін жеткізе отырып, жазасын жеңілдетуді сұрады.
Актрисаға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 2 бөлімі (Тауар өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын және перекурсорларды заңсыз пайдалану) бойынша айыпты деп танып, 100 сағатқа қоғамдық жұмыспен айналысу жазасы бекітілді.
Сондай-ақ, сот сараптамаларға кеткен шығынға 338 863 теңге көлемінде ақша өндіріп алу туралы шешім шығарды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!