Ғаламшардағы ең ірі айсбергтің бірі еріп жатыр
NASA ғалымдарының айтуынша, Антарктидадан бөлініп шыққан әлемдегі ең ірі айсбергтердің бірінен жақын арада түк қалмайды.
01:00 13.06.2018
Көлемі Ямайка аралымен бірдей көшпе мұз Антарктидадан 2000 жылы бөлініп шыққан.
Он алты жыл бойы мұхит бетінде қалқып жүрген айсберг Атланта жылы мұхитына да келіп жетеді. В-15 деген атауды иеленген айсберг 6 600 мильді (10 000 шақырым) кешіп өтіп, қазір экваторға жақын орналасқан.
NASA-ның мәліметінше, әдетте экваторға жақындағанда айсбергтер тез ери бастайды. Бүгін оның көп бөлігі еріп кетіп, тек төрт үлкен бөлшектері ғана қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары