{metadescription}
Семейде жүйіткіген көлік әкесі мен ұлын қағып өлтірді

Семейде жүйіткіген көлік әкесі мен ұлын қағып өлтірді

Семейде әкесі мен баласын қағып өлтірген жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«ВАЗ 2114»  маркалы көліктің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелінен өтіп келе жатқан 9 және 28 жастағы ұлы мен әкесін қағып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмса, әкесі ауруханада жан тапсырды.

Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушісі тежегішті басып үлгермеген. Қазір азаматтың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша іс қозғалды.

«Оқиға маусымның 9-ынан 10-ына қараған түні, сағат 01:30 шамасында Абай көшесінде тіркелді. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп, жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде