Қазақстанда шенеуніктер саны қысқарады
Қазақстанда мыңнан аса шенеунік жұмыстан шығарылуы мүмкін.
17:02 13.06.2018
Бүгінде елімізде әртүрлі деңгейде 98 мың шенеунік жұмыс істейді. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Бірер ай бұрын кәсіпкерлікті реттеу туралы заңнамаға Елбасы қол қойған. Осы заңнама аясында талдау жүргізіліп, шенеуніктердің санын қысқарту бойынша нақты жоспар жасалды.
Сүлейменовтің айтуынша, шенеуніктерді қысқарту туралы соңғы шешімді үкімет пен президент әкімшілігі қабылдайды.
Толығырақ 20:30-да кешкі жаңалықтардан көре аласыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!