ФОТО: Ұйықтап жатқан әйелін аяусыз өлтіріп, суретін достарына жіберген
Жантүршігерлік оқиға Массачусетс штатында болған.
13:28 14.06.2018
37 жастағы Кристофер Фратантонио ұйықтап жатқан әйелін пышақтап өлтірген.
Кейін телефонына 2 рет суретке түсіріп, достарына жіберген. Хабарламасында олардан алты жастағы қызы мен екі жастағы ұлына қамқор болуды сұраған. Қайғылы жағдай орын алғанда балалар үйде болған.
35 жастағы Мэри Фратантонио мұғалім болып қызмет атқарған. Оның анасы Джоан Килборн Кристофердің қызын әрдайым бопсалап отыратынын көрген.
Қылмыскердің қорғаушысы психикалық ауытқуға шалдыққандығын алға тартты. Алайда, сот оны өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Балаларды өз қамқорлығына нағашы ата-әжесі алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!