Жол апатынан 12 сарбаз қаза тауып, 50-і зардап шекті
Танзанияның Мбея облысында Ұлттық қызметтің сарбаздары мінген автобус жол апатына ұшырады.
10:21 15.06.2018
Салдарынан 13 адам мерт болып, 50-і түрлі жарақаттар алды.
Зардап шегушілер ауруханаларға жеткізілді. Қаза тапқандардың арасында 12 әскери қызметші мен автобус жүргізушісі бар. Көлік құралының салонында барлығы 63 адам болған.
Апатқа ұшыраған автобус сарбаздарды тасымалдау үшін жалға алынған үш автобустың бірі екендігі белгілі болды.
Әскерилер оқу-жаттығу лагеріне бара жатқан. Алдын ала болжам бойынша, оқиға жылдамдық режімінің дұрыс сақталмауы мен жүргізушінің абайсыздығынан болған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!