Ойсырай жеңілген Сауд Арабиясы жазаланатын болды
Ресеймен матчта үлкен есеппен жеңіліп қалған Сауд Арабиясының футболшылары өз елінде тәртіптік жазаға тартылатын болды.
11:30 15.06.2018
Бірнеше ойыншы жазаға тартылады. Олардың қатарында қақпашы Абдаллах аль-Майюф, шабуылшы Мохаммад ас-Сахлави мен қорғаушы Умар Хавсавилер бар.
Сауд Арабиясы құрамасының бас бапкері Хуан Антонио Пицци Ресей ойыншыларының үлкен жаңалық ашқанын көрмегенін жеткізді.
Еске салсақ, кеше Әлем чемпионатының ашылу салтанатыболды. Артынша Сауд Арабиясы мен Ресей құрамалары алғашқы ойынды өткізген болатын. Ресей 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!