Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ВИДЕО: Футбол жанкүйері Германиядан Ресейге 1936 жылы шыққан трактормен жетті
Германиялық зейнеткер Губерт Вирт Ресейдегі футболдан әлем чемпионатына 1936 жылы шыққан трактормен келді.
13:24 15.06.2018
70 жастағы жанкүйер 2 500 километр жолды жүріп өткен. Ол жолға 15 мамыр күні шығып, әлем чемпионаты басталар шақта Ресейге жеткен.
Тракторға үлкен сыра бөшкесі түрінде тіркеме жалғанған, оның ішінде жолға қажеттінің барлығы бар.
Айта кетейік, кеше Ресейде футболдан 21-інші Әлем чемпионатының ресми ашылуы өтті.
Аталмыш шара 14 маусым - 15 шілде аралығында Ресейдің 11 қаласында өтеді, атап айтқанда, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Ростов-на-Дону, Самара және Саранск. Чемпионатқа әлемнің 32 үздік ұлттық құрамалары қатысады.
Видео авторы: РИА Новости
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram