{metadescription}
Мансабын аяқтаған Олимпиада жүлдегері үлкен спортқа қайта оралады

Мансабын аяқтаған Олимпиада жүлдегері үлкен спортқа қайта оралады

Еркін күрестен Қазақстанның 4 дүркін чемпионы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері және соңғы Азия чемпионатының жеңімпазы Ақжүрек Таңатаров үлкен спортқа қайта оралады.

«Қазір Данияр Қайсанов бауырымыз Азияда маған ұтылып жүрген моңғол балуандарына 2-3 рет жол беріп, тірлігі алға баспай жатыр. Ал, мен олардың барлығын кез келген жағдайда атып жығамын. Енді қалың ойға батып отырмын. Базғы қалпыма келіп, осы жылы өтетін Азия ойындарына қатысып, еліме медаль сыйласам деймін. Сол жүлде арқылы спорттағы мансабымды жоғары нотада аяқтай аламын деп ойлаймын», - дейді Таңатаров.

Айта кетейік, 2018 жылғы Азия ойындары 18-ші тамыз бен 2-ші қыркүйек айлары аралығында Джакарта мен Палембанг қалаларында өтеді.

Қазақстан Азиаданың жалпы медальдік есебінде 140 алтын, 141 күміс, 200 қола жүлдемен 5-ші орында тұр.

Дереккөз: SPORTINFORM

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде