ВИДЕО: SCAT әуекомпаниясы ұшағының босап қалған терезелері жолаушыны шошытты
Астана-Тараз бағытына «SCAT» әуекомпаниясымен ұшқан жолаушы ұшақтың босап қалған ішкі терезелерін көріп шошыды.
17:30 15.06.2018
Айтуынша, ұшақ әуеде 2:30 сағат бойы ұшқан. Жерге қонғанша жанын шүберекке түйіп отырыпты.
Видеода ұшақтың ішкі терезесінің бос, әрі ескіріп кеткені көрсетілген.
«SCAT» әуекомпаниясы. Астана-Тараз бағыты. Сөзім жоқ, мына тесік ұшақта 2:30 сағат ұштық. Жерге қонғанша жол бойы барлығымыз сыйынып келдік. Мұндай ұшақтарды қалай ғана рейске жіберуге болады? Барлық жері лас, жағымсыз иіс те шығады», – деп жазады автор.
Айта кетсек, бұған дейін де «SCAT» әуекомпаниясына жолаушылардан осыған ұқсас және ұшақтың үнемі кешігіп ұшатыны туралы шағымдар түсіп келген.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!