Шымкентте мектеп бітіруші менингит жұқтырды деген күдікпен қаза тапты
Шымкентте бүгін көз жұмған мектеп бітірушінің ажалы менингококты инфекциядан болуы мүмкін.
19:06 15.06.2018
Күнгейлік дәрігерлер осындай суыт хабар таратып жатыр.
Таңғы 6 жарымдар шамасында қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен 18 жастағы жігіт тура 40 минуттан соң қайтыс болды.
Дәрігерлер менингококты инфекция жұқтырған деген болжам айтып отыр. Ал нақтысы марқұмның ағзасын толық тексеріп шыққан соң ғана белгілі болмақ.
Көз жұмған жасөспірім бір үйдің жалғыз баласы болған. Мектепті биыл бітірген ол дәл бүгін аттестат алуы керек еді.
Толығырақ 20:30-да кешкі жаңалықтардан көре аласыздар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!