{metadescription}
Туған қызына ішімдік ішкізген әйел 20 жылға сотталды

Туған қызына ішімдік ішкізген әйел 20 жылға сотталды

Американың Сомерсет қаласының тұрғыны өзінің 14 жастағы қызына виски ішкізген.

Оқиға жайында полицейлер әлеуметтік желідегі видеодан көрген. Онда анасы қызын виски ішуге мәжбүрлеп жатқан. Видеоны кім жариялағаны әзірге белгісіз.

Ішімдік салдарынан бойжеткен есін жинай алмай қалған.

Осыған дейін 35 жастағы Миранда Гейл Полстон әр түрлі қылмыстары үшін бес жылдық сынақ мерзімімен 20 жылға сотталған болатын. Өзінің қызына ішімдік ішкізген ол осы ережені бұзып қойды. Судья кезекті қылмысын істеген әйелге ұзақ мерзімдік жазасын өз күшінде қалдырған.

Әйелдің айтуынша, ол қызына ішімдіктің зиян екенін көрсеткісі келген. Олар қызының үйге мас күйінде келгенін, сол себепті қызына тағы да ішімдік беріп, оның толықтай есінен танып қалуына әрекеттенгенін айтуда. Осылайша қызының қатты ауырып, спиртті ішімдікті мәңгілікке ұмытуын қалаған.

Ал келесі күні қыз баланың есінде ештеңе қалмаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.