{metadescription}
Сотқа әкеле жатқан қылмыскер екі полицейді атып тастады

Сотқа әкеле жатқан қылмыскер екі полицейді атып тастады

Американың Канзас-сити қаласында сотқа әкеле жатқан қылмыскер сот ғимаратының алдында екі полицейді атып салды.

Бұл туралы жұма күні Associated Press агенттігі хабарлады.

Миссури штатының Канзас-сити қаласында түрмеден сотқа әкеле жатқан қылмыскер полиция фургонынан шыға бергенде полицейлердің бірінің тапаншасын тартып алып, шерифтің екі көмекшісін атып салған. Оның бірі оқиға орнында қаза тауып, екіншісі ауыр жарақатпан ауруханаға жеткізілген. Қанды оқиға сот ғимаратының алдында болған. Қылмыскердің өзі де атыс кезінде жараланып, ауруханаға жатқызылған. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын тексеріп, қылмыскердің тапаншаны полицейден қалай тартып алғанын анықтап жатыр.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде