Дәрігерлер қателігінен атыраулық әйел омырауынан айырылған
Дәрігерлер қателесіп, атыраулық әйелдің омырауын алып тастапты.
16:47 16.06.2018
Атырау қалалық сотында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің денсаулыққа зиян келтіргені жайлы азаматтық іс қаралды. Жергілікті тұрғын Атырау қалалық нөмір екінші және Атырау облыстық онкодиспансерге үш жарым млн. теңгеге жуық материалдық және 20 млн. теңге моральдық өтемақы талап етіп шағм жасаған.
2016 жылы наурыз айында емханаға сол жақ омырауының ауыратынын айтып барған. Емхана дәрігерлері дер кезінде диагноз қоя алмағандықтан әйелдің денсаулығы нашарлаған. Сосын әйел онкодиспангерге түсіп, Атырау сот сараптамасы институтының мамандары экспресс биопсия жасап, оң жақ омырауында қатерлі ісік бар деп диагноз қойған. Алайда бұл диагноз соңында расталмады.
"Емхана дәрігерлерінің өз міндеттерін дұрыс атқармағаны үшін, Атырау сот талдауы институтының талдауларды дұрыс жүргізбегені салдарынан ірің-некротикалық процесс дамып, омырауынан айырылған", -деді Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сот №2 Атырау қалалық емханаға және Атырау облыстық онкологиялық диспансерге зиян шеккен әйелге 3 130 200 теңге төлеуге шешім шығарды.
Және олар моральдық өтемақыға үш миллион теңге төлеуге міндеттеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!