{metadescription}
Роналду хет-трик жасаған ойында Португалия Испаниямен тең түсті

Роналду хет-трик жасаған ойында Португалия Испаниямен тең түсті

Роналду хет-трик жасаған ойында Португалия Испаниямен тең түсті.

Бұл туралы kaz.vesti.kz жазады. Футболдан Ресейде өтіп жатқан әлем чемпионатының "В" тобындағы екінші ойын аяқталды. Сочиде өткен Португалия мен Испания құрамалары арасындағы кездесу 3:3 есебімен аяқталды.

Бірінші таймда Португалия құрамасы 2:1 есебімен ұтып шықты. 4 минутта Роналду пенальтиді сәтті орындаса, 24 минутта Диего Костаасқан шеберлік танытып, таразы басын теңестірді. Үзіліске шығар алдында Роналду дубль жасады.

Тартысты ойын екінші таймда да қыза түсті. 55 минутта Диего Костада дубль жасап, "қызыл фурия" жанкүйерлерін қуантты. Араға 3 минут сала Начоның алыс қашықтықтан шірене тепкен добы Португалия құрамасы қақпасынан табылды.

Ойын аяқталар тұста Криштиану Роналду айып соққысын тамаша орындап, таразы басын теңестірді. Сондай-ақ португалдық ойыншы мундиальдағы үздік сұрмергендер көшін бастады.

Айта кетейік, бұл топтағы екінші ойында Иран құрамасы Марокконы1:0 есебімен ұтты. Нәтижесінде 3 ұпаймен көш басына шықты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде