ФОТО: Такси бір топ адамды қағып кетті
Мәскеуде такси бір топ адамды қағып кетіп, жеті адам зардап шекті.
00:51 17.06.2018
Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
«Ресей астанасында Ильинка көшесіндегі үйдіңмаңында такси жол белгісіне соғылып, содан кейін бір топ адамды қағып кетті. Салдарынан 7 адам зардап шекті», - деді агенттіктің дереккөзі.
Такси жүргізуші ұсталды. Оқыс оқиғаның қалай болғаны егжей-тегжейлі тексерілуде. Зардап шеккендердің ахуалы да анықталуда.
«Такси жүргізуші рөлге ие бола алмапты. Ол полиция бөлімшесіне жеткізіліп, тексеру жүргізілуде», - деп мәлімдеді ІІМ-нің Бас басқармасынан.
Мәскеудің шұғыл қызметіндегі дереккөз зардап шеккен бес адамның ауруханада екенін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!