Менингитке қатысты елдегі қазіргі ахуал қандай?
Денсаулық министрлігі менингитке қатысты елдегі ахуал туралы айтты.
08:00 17.06.2018
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Қазақстанда жыл басынан менингококк инфекциясының 61 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде стационарлық емдеуде 9 адам жатыр, -деп Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.
«Қазақстан Республикасында 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясының 61 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде стационарлық емдеуде 9 адам жатыр, 40 адам ауруханадан шықты, өлім жағдайы - 12: Алматы қаласында - 6, Алматы облысында - 3, Оңтүстік Қазақстан облысында - 2 және Қызылорда облысында 1 жағдай. Ахуал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында», - делінген ведомствоның ақпаратында.
Айта кетейік, 13 маусымдағы жағдай бойынша, елімізде менингококк инфекциясының расталған 59 жағдайы тіркелген болатын.
Сонымен қатар Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Астана қаласында менингококк инфекциясынан өлім жағдайларының болмағаны туралы бұрын берілген ақпаратты растады.
«Жылдың басынан бері Астана қаласы бойынша 6 расталған жағдай, оның ішінде балалар арасында 2 жағдай тіркелгенін атап өтеміз. Барлық пациенттер сауығып шықты, 1 бала балалардың жұқпалы аурулар ауруханасында емін жалғастыруда», - деп атап өтті комитеттен.
Айта кетейік, еліміздегі менингиттің түрі қандай екенін және одан қорғану жолдарын мына жерден оқуға болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!