ВИДЕО: Килауэа жанартауы тағы атқылады
Гавай аралдарындағы Килауэа жанартауының атқылай бастағанына 40 күн болды.
10:25 17.06.2018
Килауэа жанартауы мамырдың басында оянып, айналасын ыстық лава жайлай бастаған.
Лаваның биіктігі 50 метрден асып атқылап жатыр.
Соңғы аптада жанартау бірнеше көл, шығанақ пен Леилани-Эстейтс қаласындағы үйлердің басым бөлігін, екі курорт ауылын, көптеген жолдарды жойып жіберді.
Сонымен қатар, ол мұхитқа да жеткен. Сумен араласқан жанартау оты қышқылды тұманның тууына әкеп соққан.
Видео авторы: SciNews
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!