ВИДЕО: Астана-Алматы бағытындағы пойыз апатқа ұшырап, бір жасөспірім мерт болды
Жамбыл облысында жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті.
17:32 17.06.2018
«Астана-Алматы» бағытында қатынайтын пойыздың апатқа ұшырап 8 вагоннның рельске шығуы салдарынан бір жасөспірім мерт болды.
«Бір жасөпірімнің қаза тауып, 14 адамның жарақат алғандығы туралы ақпарат расталды», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
«2018 жылдың 17 шілдесі күні сағат 13:25-те «Астана-Алматы» бағытында қатынайтын №10 пойызы Сарышаған-Шу учаскесінде, Жамбыл жол бөлімшесі Жиделі өткелінде апатқа ұшырап, 8 вагон рельстен шығып кетті, оның екеуі бір бүйіріне құлаған. Оқиға салдарын жою үшін Шу мен Сарышаған стансасының қалпына келтіру пойыздары жолға шықты. Зардап шеккендер анықталып жатыр. Рельстен шығып кету себебін анықтау үшін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның арнайы комиссиясы құрылды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген ұлттық компания таратқан ақпаратта.
Төтенше оқиға орнында құтқарушылар бригадасы, Жол бойындағы медициналық құтқару бекеті жедел әрекет ету бригадасы жұмыс істеп жатыр.
«Пойыздағы жолаушылары «Астана-қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызымен «Шу» стансасына жөнелтілді. Сағат 15-10-да «Қазавиақұтқару» тікұшағымен оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі, Жамбыл облыстық ТЖД басшысы аттанды. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінде қауырт желі ісе қосылды. Телефон нөмірі: 51-35-75, 51-41-67», - деді Руслан Иманқұлов.
Ескерту, видеода бейәдеп сөздер бар!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!