Түнгі клубта граната жарылып, 17 адам қаза тапты
Венесуэла астанасы Каракастағы түнгі клубта 500 түлек мектеп бітірулерін атап өткен.
18:20 17.06.2018
Көзден жас ақтыратын газы бар гранатаның жарылуы салдарынан түнгі клубта 17 адам көз жұмды.
Оның 8-і кәмелеттік жасқа толмаған балалар. Сондай-ақ, 5 адам зардап шекті, оның біреуі – жасөспірім. Ол ауыр жағдайда жатыр.
Қайғылы жағдай 16 маусымда таңға жуық, 500 адам оқу жылының аяқталуын атап өтіп жатқан кезде болған. Осы оқиғаға байланысты жеті адам тұтқындалды, оның ішінде екеуі – кәмелеттік жасқа толмаған бала.
Алдын ала болжам бойынша, оның біреуі қатарласымен дауласып қалып, нәтижесінде грнатаны жарып жіберген.
Сонымен қатар, клубтың иесі де ұсталды, өйткені ғимаратқа қару кіргізуді бақылау жауапкершілігі соның міндетіне жатады.
Дереккөз: Baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!