{metadescription}
ФОТО: Жұмысшылар адамның бас сүйегі мен көне заттарды тауып алды

ФОТО: Жұмысшылар адамның бас сүйегі мен көне заттарды тауып алды

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Аққайнар ауылының жұмысшылары адамның бас сүйегі мен көне заттарды тауып алды.

 

Жұмысшылар құбыр тапрту үшін жер қазып жатқанда экскаваторға адамның бас сүйегі мен тағы басқа заттар іліккен. 

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде Ә.Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми қызметкері Ғалымжан Қиясбек жазды. Берелде қазба жұмысын істеп жүрген Ғалымжан бұл жаңалықты ести сала бір топ адаммен Аққайнарға жеткен.

"Берел қорымында қазбадамыз. Бүгін аяқасты телефон қоңырауы шыр етті. Катонқарағай ауданы Аққайнар (Чернова) ауылында су құбырын тартып жатқан эксковаторшы күрегіне кісі сүйегі мен тағы бір заттар ілігіпті. Бес қаруымызды асынып 5 адам, жоқ 6 адам зу ете қалдық: Елдос Қариев (ШҚМУ), Самат Самашев (тарихи-әскери музей. Астана), Сергей Викторұлы (Петербор), мен жене ШҚМУ-дың екі студенті: Сұңғат пен Түлек. Барсақ адамның бас сүйегінің жағарғы бөлігі мен қола қазанды және темір бұйымның сынықтарын ақ матаға жинап қойыпты. Қола қазан сақ-скиф (іскус) кезеңіне жататын, әдейі іздеп жүріп, қазып жүріп таба салатын дүние емес!)) Өте тамаша олжа! Осындай дүниелердің ғылыми археологиялық қазбалардан емес, кездейсоқ қазбалардан табыла кететіні қалай қызық!) "Алтын шыққан жерді белден қаз!" демекші, кездейсоқ бұзылған ескерткіш орнын жақсылап аршып, тазалап қазба жасадық. Кісі сүйегі жер бетінен 20-30 см-дей ғана тереңдікте жатқан болып шықты.  Жер бетінде ешбір үйіндінің ізі де қалмаған. Сол маңайда тұрып жатқан ауыл адамдарының айтуынша, қазір құбыр салынып жатқан көше дәл жолдың үсті болмай тұрған жылдары (20-30 жыл бұрын, тіпті одан да еретеректе) үйдің орны болған, бау-бақша болған жер екен. Біз қазу барысында расында сақ адамының сүйектерінің біразы сол ертеректе орнынан қозғалып қопарылған, жан-жағы құрылыс қалдықтары мен мал сүйектері сияқты қоқысқа толы болып шықты. Оба үстіндегі үйігі, тіпті қабір шұңқырының біраз бөлігі сол талай жылдардан бергі жерді игеру кезеңдерінде қырып алынып жұқарып кете берген сыңайлы. Қалған қабірді қазу барысында бір емес екі кісіні қатарынан басын батысқа қаратып қойғаны анықталды". 

Соңында Ғалымжан Қиясбек қазба әлі толық аяқталмағанын, алда тағы жағымды жаңалықтар болатынына үмітті екенін жеткізді.

 
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде